Хабарландыру

Құрметті клиенттер!

«Астана Банкі» Акционерлік қоғамының тарату комиссиясы 2022 жылғы 01 шілдеден бастап Атырау қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 17 «Б», «Атырау Плаза» Бизнес орталығы, 8 қабат, 800 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Атырау филиалы өз жұмысын тоқтататынын хабарлайды.

2022 жылғы 16 маусымнан бастап Сіз «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне (19.11.2018 ж.жасалған шартқа сәйкес, тариф – әрбір төлем үшін 150 теңге) немесе кез келген екінші деңгейдегі банкке өтеуді (банктік қарыз шарттары, кредиттік карталар және банк алдындағы басқа да міндеттемелер бойынша) жүргізуіңіз қажет.

Сіздің шоттарыңызға қаражатты уақтылы есептеу мақсатында, сондай-ақ мерзімі өткен міндеттемелердің қалыптасуын болдырмау үшін сізден төлем кестелеріне сәйкес берешекті алдын ала (3-5 жұмыс күні ішінде) өтеуді сұраймыз.

Берешекті толық мерзімінен бұрын немесе ішінара өтеуді жүзеге асыру кезінде сіз оны электрондық тәсілмен Қарағанды облысы бойынша тарату комиссиясы бөлімшесінің басшысы – Алахаева Сандуғаш Мұратқызына электрондық мекенжайға жолдай отырып, өтініш беруіңіз қажет (1004_asm@mail.ru), сондай – ақ банк қызметкеріне-Жүнісов Сабыржан (s_zhunusov@bankastana.kz), өтініштің түпнұсқасын пошта арқылы келесі мекен-жайға міндетті түрде жібере отырып: Қарағанды қ., Бұқар Жырау даңғылы 51/4, 403 кабинет.

Банк алдындағы міндеттемелердің барлық түрлері бойынша берешекті өтеу мәселелері бойынша сіз келесі байланыс нөмірлері бойынша жүгіне аласыз:

  1. Қарағанды облысы бойынша тарату комиссиясы бөлімшесінің басшысы-алахаева Сандуғаш Мұратқызы, моб.телефон 8 775 525 9920, сл. телефон 8 (7212) 99 68 09, (1004_asm@mail.ru);
  2. Қарағанды филиалының бас бухгалтері – Байшағирова Шолпан, моб. телефон 8 747 632 6149;
  3. Филиалдың кредит беру бөлімінің бас маманы-Ахметбекова Айман, моб. телефон 8 775 009 4760;
  4. Филиалдың проблемалық қарыздарымен жұмыс жөніндегі маманы-Омарханов Тимур, моб. телефон 8 700 145 1670;
  5. Филиалдың шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі маманы – Жүнісов Сабыржан, моб. телефон 8 777 196 6988, 8 707 771 6539, сл. телефон 8 (7212) 99 68 09, (s_zhunusov@bankastana.kz).

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.