02 / маусым / 2022 12: 26

Банк кредиторларының талаптары тізілімінің 2-кезегіндегі кредиторға төлемді жүзеге асыру туралы

01.06.2022 жылы «Астана Банкі» АҚ тарату комиссиясы (бұдан әрі – Банк) 210 000 000 (екі жүз он миллион) теңге сомасында «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – «ҚДКБҚ» АҚ) Банк кредиторлары талаптарының тізілімінің екінші кезегіндегі кредиторға төлеуді жүзеге асырды.

01.06.2022 жылғы жағдай бойынша кредиторлармен есеп айырысу жүргізілді:

1 кезек (қызметкерлердің жалақысы) 86 628,04 теңге (100%)сомасында;
2 кезек («ҚДКБҚ» ақ) 19 868 000 000 теңге сомасында (52,87%).