06 / мамыр / 2022 08: 51

Банк кредиторларының талаптары тізілімінің 2-кезегіндегі кредиторға төлемді жүзеге асыру туралы

03.05.2022 жылы «Астана Банкі» АҚ тарату комиссиясы (бұдан әрі – Банк) 370 000 000 (үш жүз жетпіс миллион) теңге сомасында «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – «ҚДКБҚ» АҚ) Банк кредиторлары талаптарының тізілімінің екінші кезегіндегі кредиторға төлеуді жүзеге асырды.

03.05.2022 жылғы жағдай бойынша кредиторлармен есеп айырысулар жүргізілді:

1 кезек (қызметкерлердің жалақысы) 86 628,04 теңге (100%)сомасында;
2 кезек («ҚДКБҚ» ақ) 19 658 000 000 теңге сомасында (52,31%).