01.08.2022 жылы «Астана Банкі» АҚ тарату комиссиясы (бұдан әрі – Банк) «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – «ҚДКБҚ» АҚ) Банк кредиторлары талаптарының тізілімінің екінші кезегіндегі кредиторға 1 700 000 000 (бір миллиард жеті жүз миллион) теңге сомасында төлем жасады.

01.08.2022 жылғы жағдай бойынша кредиторлармен есеп айырысулар жүргізілді:

1 кезек (қызметкерлердің жалақысы) 86 628,04 теңге (100%)сомасында;
2 кезек («ҚДКБҚ» АҚ) 21 743 000 000 теңге сомасында (57,84%).